Байланыс: Тел.: +7 (724)2-29-45 Email: kl16_aral@mail.ru

 

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Тәуелсіз еліміздің ертеңі кемел келешегіміз үшін білімді де саналы Алаш ұрпағын тәрбиелеп отырған білім ошағының болашағы жарқын, тұғыры биік болсын! 

Хабарландыру

Хабарландыру

 
 

АРАЛ ИНДУСТРИАЛДЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Кәсіптік Білім Ордасына 90 жыл

 

 Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. Бүгінгі күнді түсініп – түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жүгіртуіміз керек.

Негізі 1927 жылы қаланған Арал қаласындағы кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі – Арал индустриалды-техникалық  колледжі 1927 жылы балық аулау артелі болып құрылып, жергілікті тұрғындардан балықшылар бригадерлерін, ау құралдарын септеп тоқу мамандарын даярлады. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында балықтарды қайықпен аулау үшін 1937 жылы «Юнга» мектебі болып қайта құрылып: кіші қайықтарға матрос, мотористер дайындады. Балықтарды аулап, оны өңдеп СССР-дың басқа қалаларына, облыстарға сатуға және ішкі рыноктың сұранысына сәйкес мектеп 1943 жылы ФЗО (фабрично-заводское обучение) мектебі  болып аталып: қайық радистерін , бөшке жасау мамандарын, кіші қайық мотростарын, мотористерін даярлады.

1955 жылы қол өнер учлищесі  болып қайтадан құрылып, ағаш, темір ұсталарын, қайықтың мотрос, мотористерін даярлауды іске асырды. Арал теңізінің жағалауынан аса қашықтықтан балық аулау мақсатында 1963 жылы №68 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі (ГПТУ-68) болып өзгеріп, балық өсіруші, өңдеуші, кеме жүргізуші, кеме механигі, электромонтажшылар мамандарын даярлауды бастады.

1984 жылы мектеп №4 орта кәсіптік-техникалық училищесі (СПТУ-4) болып аталып, сол жылдан бастап токарь, электромонтажшы, тігінші, слесарь-жөндеуші, құрылысшы мамандықтарын әзірледі. Арал теңізінің тартылуына байланысты және білім саласындағы оңтайландыру кезеңінде кәсіптік-техникалық мектеп өзінің байырғы мамандықтарын:  кеме жүргізуші, кеме механигі, балық өсіруші, өңдеуші мамандықтарын дайындауды тоқтатты.

1996 жылы №4 кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгеріп, мектепте токарь, электромонтажшы, тігінші мамандықтары бойынша мамандар әзірледі.

1997 жылдан бастап №16 кәсіптік-техникалық мектеп болуына байланысты мектеп қаланың өндіріс орындарына, кәсіпорындарға  токарь, тігінші, құрылысшы, электоромонтажшы, газбендәнекерлеуші мамандықтарын даярлап келеді.

1998 жылы №16 кәсіптік мектебі тігінші, токарь, слесарь-жөндеуші даярлады.

2003 жыл №16 кәсіптік мектеп тігінші, слесарь-электромонтажшы, электргазбен пісіруші, теңіз өнімдері мен балықтарды өңдеуші мамандықтарын даярлады.

2008 жылғы 25 желтоқсандағы №238 қаулысы және Қызылорда облыстық  білім басқармасының «Қайта тағайындау туралы» 2009 жылғы 9 қаңтардағы №07 бұйрығы негізінде №16 кәсіптік мектептің атауы №16 кәсіптік лицей болып өзгертілді.

Арал индустриалды-техникалық колледжі мемлекеттік мекемесінің Қызылода облысы әкімдігінің (кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы) 18.08.2012 жылғы №527 қаулысымен «Арал индустриалды-техникалық колледжі» болып қайта құрылды.

Қазіргі таңда колледж  Токарлық іс және металл өңдеу Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 
Электргазбен дәнекерлеуші Балық өндірісі Балық өңдеуші 
Үйлер мен ғимараттарды салу (түрлері бойынша) 

Құрғақ әдіс құрылысының маманы Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану 

 Жөндеуші-слесарь 

 Колледжімізде жоғарғы категориялы 4, І санатты 34, ІІ санатты 15 білімді де білікті педагог-қызметкерлер білім береді.

 Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың сәуір айында WorlSkills Kazakstan Ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу байқауына  Арал индустриалды-техникалық колледж білім алушысы Ниядинова Айнұр Қанжарбекқызы, жетекшісі өндірістік оқыту шебері Алиева Күнзираш қатысып, «Киім дизайнері» мамандығы бойынша ІІ орын алып, Қызылорда облысы әкімдігінің дипломы және кубогімен марапатталды.

Қазақстан республикасының мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқу жұмыс бағдарламасы құрылып, циклдік әдістемелік төрайымдары мен төрағалары бекітіліп, оқу үдерісіне қажетті оқу-зертханалық құрал-жабдықтармен оқу кабинеттерін қамтамасыз етіледі.

 Жаңа инновациялық технологияларды енгізі мақсатында және инженер-педагогтардың шеберлігін айқындау аясында «Жас оқытушылар мектебі» және «Ғылыми-зерттеу топтары құрылып, бекітілген жоспарлары бойынша  жұмыс жасауда».

Бір жылдық бекітілген жоспар бойынша барлық колледж педагогтары мен өндірістік оқыту шебері жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып ашық сабақтарын өткізеді. Соның ішінде атап айтатын болсақ, А.Қосымбаеваның «Қазақша балық асу» тақырыбы бойынша сабағын теория және практикамен уйлестіріп, арнайы пән оқытушысы Жанна Қырқабақова « Бағандарды жабдықтау» тақырыбы бойынша үш тілді пайдаланып сабағын өз дәрежесінде өткізе білді.

Колледж ішінде құрылған «Жалын» жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Куныжанова Акмарал Советқызы колледждің белсенді білім алушыларымен аудандық, облыстық, республикалық  іс шараларға қатысып, колледж мерейін арта түсуде. Атап өтетін болсақ, «Жас Арал өрендері» ЖҚБ-нің

 Ғасырға жуық тарихы бар білім ошағынан талай өз ісінің мамандары түлеп ұшып, бүгінде мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде ел игілігі үшін тынымды еңбек атқарып жүр. Тоқсан жыл бойы осы төңірекке білім нұрын шашып тұрған білімнің қара шаңырағы өткен күндерін екшеп, бұл күнде көне тарихқа айналып бара жатқан әр сәтін әйгілеп, болашаққа берік бағдар алды.