Байланыс: Тел.: +7 (724)2-29-45 Email: kl16_aral@mail.ru

Объявление

Нурманов Назарбек Мастер

 
Хабарландыру

Хабарландыру

 
 

Талапкерлерге

Мамандық алуға шақырамыз:

Арал индустриалды-техникалық колледжі мамандырылған инженер-педагогикалық ұжымы оқу жылы ішінде білімгерлерге арнайы, кәсіби және жалпы білім беруде сапалы  білім жүйесін  қалыптастырып келеді.

Колледжде 58 инженер педагогтар жұмыс істейді, оның 52 жоғары, 6 арнаулы орта білімді, 4-жоғарғы санатты, 33 - І санатты,  18 - ІІ санатты ұстаздар.

Мамандарға қажетті оқу материалдық базасы бар колледжде, 12 теориялық кабинет, 5 оқу өндірістік  шеберханасы, 3 зертхана заман талабына  сай интерактивті  тақтамен жабдықталған.

Өңірімізде  индустриалдық даму бағдарламасы шеңберінде  кәсіптік білім саласы  мамандарын даярлауға  жан-жақты көңіл бөліп,  кадрлар әлеуетін  толықтыруға  зор басымдық беріліп отыр. Ел болашағы  экономикамыздың келешегі зор  салалардың дамуымен  байланысты десек,  мамандар мен жұмысшыларға  кәсіптік  білім беру, оларды мамандыққа даярлау , қайта даярлау және біліктілікті көтеруде нағыз ұстахана Арал индустриалды-техникалық колледжі екенін естен шығармайық!...

2017-2018 жаңа оқу жылына  9-сыныпты  бітірген жастар  колледж қабырғасынан

2 жыл  10 ай мерзіммен шәкіртақы алып  орта біліммен  қатар  төмендегі мамандықтарды  игеріп шығады:

1114012- «Пісіруші» (барлық атауларымен)

 

Жәй және күрделі конструкцияларды пісіре алатын ІІІ разрядты  пісіруші маманы болып шығады. Сонымен қатар колледжде оқыған жылдары еңбек өтіліне саналып еңбек  . кітапшасы беріледі.

 

1401192- «Құрылыс электрослесарі»

 

Электр аспаптар мен аппараттардың бөлшектерін орнына орналастырып, құрастыру, электр тізбегі

және құрылғылар жұмыстарын 1000 В дейінгі күші бар тарату қолдауының құрлысын электрлік және механикалық сыннан  өтуін, электр жабдықтарын қарау және жөндеуді орындайды.

 

 1211062 – «Тігінші»

                                                        

Кәсіптік білім беру жүйесі алдында - жас ұрпақты оқыту, оларға еңбекке даярлау   міндеті тұр. Соның ішінде тігін бұйымдарын модельдеу, конструкциялау және өзге мемлекеттердің деңгейінде киімдер тігіп шығару негізгі мақсат. Соған байланысты біздерде тігінші мамандығын даярлауда  шеберханамыз толық жабдықталған. Оқушылардың тігін мамандығын игеруге мүмкіндігі бар.

    

1401032-«Құрылыс шебері»

 

Арматуралық жұмыстар жасау, бетон жұмыстарын жүргізу, тас қалау жұмыстарын жасау, құрама  темірбетон мен металл құрылымдарын жасалған барлық ғимарат пен имарат түрлерінде монтаждау жұмыстарын жүргізе білу, ілмектеу жұмыстарын орындау, қол электр доғасымен дәнекерлеу жұмыстарын жасау, кәсіби қызметіндегі проблемаларды өздігінен әрі тиімді шеше білу, әріптестермен серіктес болуға және пайымды қарым-қатынас жасауға дайын болу. Өлшеу техникасы, еңбекті қорғау, машиналарға қызмет көрсету саласында,  технологиялық диагностикада, техникалық құжаттарда оқуда практикалық білім мен дағдыларды игеру.

 

 

1109062- «Фрезеровщик»

 

Токарлық станокта цилиндрлі және конусты беттерді  өңдей алу, бұйымдардың ішкі және сыртқы қапталдарын және баспалдақты беттерін өңдеу, сыртқы және ішкі жыраларды кесу және жонып шығаруды, тесіктерді тесуді,  цилиндрлік және конустық тесіктерді жонуды, күрделі емес жасанды беттерді өңдеуді, сыртқы және ішкі бір ізді, үш бұрышты, тік бұрышты, және трапеция тәрізді бұрандаларды кескішпенен шығаруды, бұранда шығаратын айналмалы бастар мен бұранда шығаруды орындайды.